Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Есет батыр көшесі 34 үй. № 2 Балалар музыка мектебі жетіжылдық оқу жылын қамтиды.

Мектептің басты міндеттері – ортақ музыкалық білім беру және оқушыларды өнерге баулу.

Мектепті 8 мамандық бойынша білім беріледі:  фортепиано, скрипка,  домбыра,  қобыз,  гитара, аккордеон, баян, вокал.

Жыл сайын мектеп оқушылары қала өміріне белсене араласып, әртүрлі деңгейдегі байқауларға,фестивальдерге қатысып келеді. Оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысуы түрлі дипломдармен куәландырылып келеді.

Мектепте жан-жақты мамандықтар бойынша кадр жинақталған, ол білім берудің жоғары деңгейін көрсетеді. Барлық оқытушылар профильді мамандандырылған.